Түркістанда үш қызды зорлаған педофилге сот үкімі шықты. Жасөспірімдерге азғындық көрсеткен сотталушы 25 жылын түрмеде өткізеді. Сонымен қатар сот оған қатысты химиялық кастрациялау шарасын тағайындады.
Жаға ұстатарлық жайт осыдан екі жыл бұрын Отырар ауданы, Арыс ауылында болған. Сотталушы ағасының жасөспірім қызымен бірге ойнауға келген құрбыларына қатысты бірнеше рет жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық және зорлау әрекеттерін жасаған. Сотталушы бұл іс әрекетті 2022 жылдың жазында бастаған көрінеді. Аталмыш оқиғаның қалай болғанын жеткіншектердің өздері айтып берген.
«Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 120-бабының 4-бөлігімен, 121-бабы 4-бөлігімін кінәлі деп танылып, оған түпкілікті педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып 25 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы, жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтеу жазасы тағайындалған», — дейді Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі.
Жоғарыда атап өткеніміздей педофилге химиялық кастрациялау түрінде және сексуалдық зорлық-зомбылыққа бейімділігіне қатысты мәжбүрлеп емдеу шарасы қоса тағайындалған. Айта кетейік, сот үкім заңды күшіне енген жоқ