Жылжымайтын мүлікті тіркеу және сатып алу-сату келісімшартын Шымкенттік ХҚКО-да ресімдеуге болады

17
фото ХҚКО

 

 

Шымкент тұрғындары қаладағы кез келген халыққа қызмет көрсету орталығында жылжымайтын мүлікті тіркеп, сатып алу-сату шартын рәсімдеу мүмкіндігіне ие. Бұрын мұндай қызмет нотариустарға жүгінген кезде ғана қол жетімді болатын.

 

«Сатып алу-сату келісімшартын ХҚКО маманы арқылы рәсімдеу құны жеке тұлғаларға  8500 теңге, ал заңды тұлғалар үшін – 12500 теңгені құрайды. Азаматтар мәміленің қауіпсіздігі үшін алаңдамауы қажет. Біз үшін қызмет алушылардың жайлылығы мен ыңғайлылығы бірінші орында»,деді «Азаматтарға арналған үкіметтің» Шымкент қаласы бойынша филиалының баспасөз хатшысы Алтынай Татаева.

 

Мәмілені қаладағы кез келген ХҚКО – да рәсімдеуге болады. Ол үшін  сатушы мен сатып алушы жылжымайтын мүлік құжаттарымен бірге келуі қажет. Егер екі тарап некеде тұрған жағдайда, жұбайларынан нотариус арқылы рәсімделген келісімі керек болады. ХҚКО маманы сатып алу- сату келісімшартын  2 данадан дайындайды.

 

Айта кетейік, қызмет көрсету мерзімі, құжат тапсырған күнді есепке алмағанда – 1 жұмыс күнін құрайды.

 

Назар аударыңыз!

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу үшін төлем прейскурант бойынша жүзеге асырылады.