9 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген күдікті ұсталды

58
фото: Түркістан облысы ПД

Түркістан облысы Арыс ауданының полицейлері 9 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген жергілікті тұрғынды ұстады.

35 жастағы ер адамды полиция қызметкерлері Сайрам ауданындағы жалдамалы пәтерлердің бірінде қолға түсірген. Күдіктіге 2015 жылы атыс қаруын қолданып, ауыр қылмыс жасағаны үшін халықаралық іздеу жарияланған. Қазіргі таңда ер адам қамауға алынды.

Гүлнәр Абдужаппарова, Түркістан облысы ПД ресми өкілі :
«Қазіргі уақытта ер адам қамауға алынды. Тергеу күдіктінің қылмысқа қатысы бар екенін толық дәлелдеді, ал жиналған материалдар заңды шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді».

(Фото: Түркістан облыстық ПД)