Шымкенттің орталығы саналатын Әл-Фараби ауданында биыл 3 гүлзар салынады. Демалыс орындары көбейеді. 118 көше жарықтандырылады. Сондай-ақ, 70 балалар ойын алаңшасын орнату жоспарлануда.
Әл-Фараби ауданы күзгі жауын-шашынға толықтай дайын. Осылай деген аудан әкімінің орынбасары Марат Тәжібаев арық-атыздардың тазаланып, диаметрі кішкентай құбырлардың кеңЕйтіліп жатқанын мәлімдеді. Нәтижесінде осыған дейін жауын жауса су көптеп жиналып қалатын проблемалы жерлердің мәселесі шешіледі екен.
«Ауқымды бір су алатын жерлер жоқ, қауіпті деген. Кейбір жағдайлар болып жатады арық-атызды дұрыс тазаламағандықтан. Қазіргі біз «Таза өлке» мекемесінің тарапынан барлық көшелердің бойына, су алатын жерлердің бәрін кішкентай диаметрлік құбырларды үлкенге ауыстырдық. Қауіп алатын жерлер жоқ, кейбір су жиналатын жерлер, көпқабатты тұрғын үйлердің ауласында су жиналатын, соны басқа жерге ағызу мақсатында жүргізу мақсатында жасалып жатқан дүниелер мұның бәрі. Күзге дайынбыз әрине», — Әл-Фараби ауданы әкімінің орынбасары Марат Тәжібаев.
Аудан аумағында гүлзарлар салынады. 3 демалыс орны Есіл көшесінде, Диваев көшесінің бойында «Кеңбаба» саябағының жанында және Жандосов пен Жібек жолы көшелерінде салынады. Қазір мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүріп жатыр. Тамызда басталады деп жоспарланып отырған жұмыс күз соңына дейін аяқталады деп күтілуде.
Марат Тәжібаев, Әл-Фараби ауданы әкімінің орынбасары: «Ол жердің барлығын мемлекет актісіне рәсімдегенбіз, балансқа алып. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу жүрсе, осы тамыз айында басталады жұмыстар. Келісім шарттың талаптарын сәйкес үш ай мерзімінде мердігер мекеме толық аяқтап бітуі керек. Оның барлығы қадағаланады».
Сонымен қатар аумақта 70 балалар ойын алаңшасын орнату жоспарланған. Оның 66-сы балалар, төртеуі спорт алаңшасы болмақ. Жоба құны 1 млрд 717 миллион теңге. Биыл аудан аумағын абаттандыру 78,3 пайызға жетсе, 2025-26 жылдары 100 пайызды құрайды деп жоспарланып отыр.