Шымкентте жол инфрақұрылымын дамыту жұмыстары қарқынды дамып келеді. Жыл басынан бері қала аумағында 304 шақырым жолға асфальт төселді. Әсіресе, қала орталығынан алшақ орналасқан, бұған дейін асфальт төселмеген елді мекендердің топырақ жолдарын заманауи стандарттарға сай жөндеу жұмыстары белсенді жүргізілуде.
Шымкент қаласында жол инфрақұрылымын жетілдіру мақсатында биыл ауқымды жобалар қолға алынды. Мәселен, Абай ауданында 80,4 шақырым, ал, Тұран ауданында 60,7, Әл-Фарабиде 20,1 шақырым жол жөнделген. Сонымен қатар, Қаратау, Еңбекші аудандарында 142,8 шақырым жол ретке келтірілген. Бұл жұмыстар қаланың жалпы көлік инфрақұрылымын жақсартуға, тұрғындардың жүріп-тұруын жеңілдетуге және шалғайдағы елді мекендерді қаланың негізгі магистральдарымен байланыстыруға зор ықпал етуде.
Сәрсен Құранбек, Қала әкімнің орынбасары: «Көбінесе шалғай аймақтарға асфальт салынғанын көріп отырсыздар. Бұл – қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстың нақты нәтижесі. Биылғы жылы Шымкент қаласындағы жолдардың жақсы жағдайдағы үлесін 90 пайызға жеткізу көзделіп отыр. Келесі жылы 10 пайызды орындап, 100 пайызға жеткіземіз».
Қала тұрғындарының айтуынша, инфрақұрылым саласында өзгеріс бар. Яғни, автожолдар мен іішкі орам көшелердің жолы жыл сайын реттеліп келеді.
Айта кету керек, жол инфрақұрылымын дамыту жұмыстары жыл соңына дейін жалғасатын болады. Нақтыраққ айтаар болсақ, 2026 жылы жол жөндеу жұмыстары толыққанды шешімін таппақ.
Нұргүл Жолымбетова







