Қайрат Нұртас ұшақтағы төбелес үшін 15 тәулікке қамауға алынды.
Астана соты бүгін, 5 шілдеде қазақстандық әнші Қайрат Нұртасқа қатысты әкімшілік істі қарады. Оған ұсақ бұзақылық жасады және денсаулыққа қасақана зиян келтірді деген айып тағылды. Оқиға Алматы-Астана рейсінің бортында болған.
Сот процесі онлайн режимде өтті. Кездесуге әншінің өзінен бөлек анасы Гүлзира Айдарбекова мен інісі Аян қатысты.
Белгілі болғандай, жәбірленуші Асылбек Бекқайыров пен эстрада жұлдызы бір кездері жақын дос болған. Бекқайыровтың айтуынша, олардың арасындағы жанжал 24 сәуірде басталған.
Прокурор әншіге 15 күн сұрады. Қайрат Нұртас оны алда көп концерттер күтіп тұрғандықтан, соттан айыппұл төлеуді сұрады.
Сот қаулысымен Қайрат Нұртас ҚР ӘҚБтК-нің 73-1-бабы «Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру» бойынша құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Ол 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Автор: Гүлдана Дәурен