Úı ANONS Төтеншеліктер өзенге құлап кеткен 16 жастағы қызды іздестіріп жатыр

Төтеншеліктер өзенге құлап кеткен 16 жастағы қызды іздестіріп жатыр

ТЖД видеодан скрин

Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары 16 жастағы қызды іздестіріп жатыр.

2024 жылғы 28 шілдеде сағат 10:41-де Түркістан облысы ТЖД Жедел-диспетчерлік қызметінің басқару пультіне Қасқасу ауылынан 15 шақырым жерде «Сайрам-Өгем» аумағына Сайрам-су тау өзенінің ағып жатқаны туралы хабарлама түскен. Сағат 10:00-де 16 жастағы қыз фотосессия кезінде абайсызда өзенге құлап, батып кеткен.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 37 қызметкері, 1 катері мен 4 бірлік техникасы, Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 6 қызметкері мен 3 бірлік техникасы, жергілікті атқарушы органдардың 11 қызметкері жұмылдырылды.

Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.