Тыйым салынған видео таратты деген сайрамдық тұрғын ұсталды

22
фото ТО ПД

Сайрамдық тұрғын әлеуметтік желіде радикалды уағызшылардың бейнероликтерін таратты деген күдікке ілінді.

Мамандар ол таратқан материалдар терроризм идеологиясын насихаттайтынын анықтаған. Сондықтан күдіктінің үйіне тінту жұмыстары жүргізілді. Онда діни бағыттағы 300-ге тарта кітапты, ноутбук және басқа да заттар тәркіленді.

«Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Түркістан облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының және ҰҚКД қызметкерлері экстремистік сипаттағы материалдарды таратқан күдіктіні ұстады. Қылмыстық іс қозғалды. Күдікті тергеу изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта осы факт бойынша жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу жүргізілуде», — дейді ТО ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының бөлім бастығы Қуанышбай Жұмаділдаев.