Auzhan KTL оқушысы су жаңа автокөлік иесі атана алады

31

Шымкентте Auzhan KTL заманауи үлгідегі көптілді лицейдің кез келген оқушысы су жаңа автокөлік иегері атана алады. Ол үшін қойылып отырған шарт аса қиын емес. Қазіргі таңда аталған лицей оқу маусымына 100 пайызға дайын.

Балаңызды мектепке беріп, су жаңа автокөлік иегері атануға мүмкіндігіңіз бар. Ол үшін перзентіңіз Auzhan KTL білім ұясында жақсы оқып, үлгерімі жоғары оқушылар қатарында болса жеткілікті. Бұл туралы Auzhan KTL-де ұйымдастырылған ашық есік күнінде мектеп әкімшілігі айтты.

Мектептің даму жөніндегі директорының айтуынша, автокөлік білім жолында оқушыларға үлкен мотивация болады.

Тұрар Абжанов, Auzhan KTL-дің даму жөніндегі директоры: «Ата-аналар балаларын осындай керемет мектепке беріп жатыр. Ал енді балалар ата-анасына не бере алады? Осы сұрақ төңірегінде біз көптеген сұрақ талдау жасадық. Біз автокөлікті жәйдан-жәй ойнатып жатқан жоқпыз, яғни бұл автокөлікті ұту үшін ең бірінші біздің мектеп тұлғасы болу керек және осы мектепке тіркелу керек болады. Екіншіден ол бала белсенді болу керек. Яғни, ешқандай жерде тіркелмеген, ешқандай жаман ситуация, тіркеуде тұру деген сияқты немесе жаман бір қағидалар жасамау керек. Сол себепті осындай белсенді оқушыларға біз осы оқу барысында автокөлікті сыйлайтын боламыз».

Гүлмира Хусаинова — AUZHAN KTL мектебіне алғашқы болып құжат тапсырғандардың бірі. Ал бүгін екі бірдей қызына қосымша үйірме таңдауға келген. Қала тұрғынын Auzhan KTL-дағы көп тілді білім беру бағдарламасы мен үйірмелердің көптігі қызықтырған. Сондай-ақ балаларының болашағына бей-жай қарамайтын ана жаңа автокөлік иегері атануға да үміті барын айтты.

Гүлмира Хусаинова, ата-ана: «Шымкентте мұндай бағытта мектеп жоқ, енді келешекте осындай бағытпен, осындай мотивациямен мектеп республикамызда алды мектеп болады деп ойлаймыз. Сондықтан бала-шағамды осында бердім. Бүгін біз үйірме таңдаймыз. Әр балаға екі үйірмеден, біреуі спорттық, біреуі өнер немесе жеңіл бағытта болуы керек»

Лицейде ғылым, өнер, спорт, жылыжай шаруашылығы, робототехника, бағдарламалау және 3D модельдеу сияқты әртүрлі бағыттар бойынша үйірмелер жұмыс істейді. Тіпті оқу жылы ішінде оқушылар World Class фитнес-клубында жүзу сабақтарын да ала алады.

Білім ордасында ашық есік күнінен бөлек, ата-аналарға арнап елімізге танымал отбасылық психолог Ержан Мырзабаев тренингі өтті. Психологтың айтуынша, ата-ана мектеп таңдамастан бұрын, баланы міндетті түрде білім ордасымен таныстырып, бойын үйрету керек. Сол үшін де ашық есік күніне келу өте маңызды дейді психолог. Сонда ғана мектеп табалдырығын аттаған оқушы өзін сенімді әрі қауіпсіз сезінеді екен.

Ержан Мырзабаев, психолог: «Мектеп таңдаған кезде баланы алып келіп көрсету керек. Атмосферасын көрсету керек, ортаны көрсету керек, таныстыру керек. Баланы алып келіп 1 қыркүйекте міне сенің мектебің деп емес, алдын ала соған дайындықпен алып келетін болса, сонда ата-анамен бала арасында үйлесімділік болады».

Ата-аналар тренингке қатысып жатқанда балалар үшін шағын спорттық шара ұйымдастырылды. Әр түрлі жастағы оқушылар ара-қашықтыққа жүгіру марафонында бақ сынап, бағалы сыйлықтар алды. Көптілді лицейде 1338 оқушы білім ала алады. Мектеп директоры қазіргі таңда барлық оқу залдары мен оқушыларға арналып жабдықталған жатақхана жаңа оқу жылына жүз пайызға дайын екендігін айтты.

Әлібек Алатаев, «Auzhan» көптілді лицейінің директоры: «Жұмыстарымызды өте белсенді атқарып жатырмыз. Ұстаздар құрамы толықтай дайын, оқу бағдарламамыз дайын. Оқу маусымына дайындығымыз жүз пайызға дайын деп айтуға болады. «Auzhan» көптілді лицейін ата-ана білім беру сапасы бойынша таңдау керек деп ойлаймын. Өйткені біз мемлекеттік стандартпен оқытамыз. Бірақ кім оқытады, қалай оқытады біз соған акцент беріп жатырмыз. Зерттеуші ұстаздарымызды сол үшін толық даярлап, білім беру сапасына біз дайындап отырмыз. Ал жоғары сыныптар үшін біздің ерекшелігіміз ағылшын тілі, IELTS-қа дайындалып, оны алып және де екінші шет тілі бойынша сертификаттарын алып мектептен түлеп шығару уақытында шет елдік университеттерге және отандық университеттерге жүз пайыз даярлау»

Мектеп әкімшілігі оқушылар мұнда тек сапалы білім ғана емес, жақсы тәрбие де алады деп отыр. Қазіргі таңда білім ұясы әр талантты, дарынды баланы өз шәкірті етуге дайын. Мектеп қаланың бірегей жерінде Тассай тұрғын алабында орналасқан.

Мекенжайы: Тассай тұрғын алабы 1680/13 (БИІК аялдамасы)

«Абжанов Ж.А» ЖК
ЖСН 900921300025