21 жастағы Түркістан обылысының тұрғыны автокөліктерден ұрлық жасаудың төрт жайтына қатысы бар екені анықталды. Ол көлік құралдарының терезесін сындырып, бөтеннің мүлкін жымқырған.
Осылайша қаскөй көпқабатты үйлердің ауласында және қоғамдық тамақтану орнының алдында тұрған иномаркаларға ұрлыққа түскен. Оның жемтігі ішінде қолма-қол ақша бар сөмкелер мен әмияндар болған. Келтірілген жалпы шығын көлемі 300 мың теңгеге жуық. Күдіктіні ізін суытпай Әл-Фараби ауданы полиция басқармасының жедел уәкілдері бейнебақылау камераларының көмегімен ұстады. Ол бұрын соңды ұрлық жасағаны үшін сотты болған. Қазіргі таңда тергеу әрекеттері жүргізілуде.