Қазақстанға құны 1 триллион теңгеден асатын активтер қайтарылды

22
фото СЖҚҚА

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қайтарылған активтердің қолданылу барысын тұрақты негізде қадағалап отырады. Бұл процесс бұзылған құқықтар мен әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтірудің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.

Мәселен, а.ж. басынан бастап Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет аяқталған қылмыстық істер шеңберінде шамамен 195 млрд теңгені өтеді.
Соңғы 2,5 жылда, оның ішінде олигополиялар тарапынан Қазақстан халқына 1,09 трлн теңге қайтарылды. Бұған дейін Агенттік залалды өтеу ретінде Қ. Сатыбалдыұлы қайтарған жылжымайтын мүлік объектілерін мемлекетке беру туралы хабарлаған болатын.
Олардың ішінде Алматыдағы құны 7,9 млрд теңгеден асатын «Kaisar Tower» бизнес-орталығы бар, ол Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің қарамағына берілген. Сонымен қатар, Т. Жүргенов атындағы «Қазақ ұлттық өнер академиясы» РММ теңгеріміне құны 800 млн теңгеден асатын әкімшілік ғимарат берілді.