Қызметкерлердің санын негізсіз ұлғайтып, 8 млн. теңгені иемденген

28
фото .gov.kz

Түркістан облысының прокуратурасы қазынашылық департаментінің қызметінде жүйелі заңдылықты бұзушылықтарды анықтады.

Атап айтқанда, Департаменттің лауазымды тұлғалары «Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» КММ (бұдан әрі — КММ) есепшілерімен сөз байласу арқылы КММ-нің қызметкерлерінің санын негізсіз ұлғайтып, 8 млн жуық теңгені иемденген.

Бөтен мүлiктi иемденiп алу фактісімен жинақталған құжаттар СДТБТ тіркеліп, тергеу жүргізу  Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне тапсырылды.

Басқа да қолданыстағы заңнамалар бойынша заң бұзушылықтар анықталып, оларды жою мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне ұсыныс енгізілді.