Шымкентте 110 миллион теңгеге жуық берешегі бар жүргізуші анықталды

35
Видеодан скрин ШПД

 

«Қорғау» бағдарламасы арқылы қалалық полиция департаменті жедел басқару орталығының қызметкерлері төленбеген қарыздары бар көлік жүргізушісі туралы сигнал алып, патрульдік полиция полкінің қызметкерлеріне хабарлаған. «MERCEDES – BENZ S 350» маркалы автокөлік иесінің атқарушылық іс жүргізу бойынша 110 миллион теңгеге жуық бершегі  бар екені анықталған.

Полицейлер автокөлік жүргізушісімен айыппұлдарды уақытылы төлеу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіліп, көлік айыптұраққа жеткізілді.

Айта кетейік, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында «Қорғау» қосымшасы жалған нөмірлер, өтелмеген қарызы бар азаматтар мен басқа да заң бұзушылықтарға жиі жол беретін қауіпті жүргізушілерді анықтайды