Шымкентте жалған купюра және есірткі сатқан тұрғын мен оның сыбайласы ұсталды. Аталған факті бойынша тергеуді Қаржылық мониторинг агенттігі жүргізді.
Ведомство мәліметінше, тергеу барысында агенттік қызметкерлерінің бақылауымен қара-жасыл түсті өсімдік тектес затты сатып алу жүргізілген. Кейінірек сарапшылар қорытындысымен сатып алынған зат жалпы салмағы 5 кг болатын «гашиш» есірткісі екені расталған. Сонымен қатар аталған ер адам жалған 10 000 АҚШ долларын (100 дана номиналымен 100 АҚШ долларын құрайтын банкноттар) сату барысында ұсталды.
Бұдан өзге жедел-іздестіру шараларын өткізу барысында оның сыбайласы анықталған. Күдіктіден 13 100 жалған АҚШ доллары тәркіленді. Оның тұрғылықты жерін тінту барысында салмағы шамамен 1 кг гашиш табылды.
Сот үкімімен сотталушылар кінәлі деп танылды. Оның біріне — 11 жыл, екіншісіне 5,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
(Фото: istockphoto.com)