13 қараша — Халықаралық зағиптар күні

44
фото ОТЫРАР

13 қараша — Халықаралық зағиптар күні. Көзінің нұры тайса да жасымай, өзгеге үлгі болған талай жан бар. Бүгін сондай азаматтардың қатысуымен Шымкенттегі арнайы кітапханада концерттік бағдарлама өткізілді.

Омархан Дәуітов 2017 жылы апатқа ұшырап, көз жанарынан айырылған. Дәрігерлер оған денсаулығын қалпына келтіруге мүмкіндік жоқ екенін айтыпты. Дегенмен, бұл 62 жастағы азаматты жасытпаған. Бүгінде ол Халықаралық Жазушылар одағының мүшесі болып, көру қабілетінен айырылған жандарға үлгі болып жүр.

Омархан Дәуітов, Шымкент қаласының тұрғыны: «Маған бұл қиындықтармен күресуге поэзия көмектесті. Мен бала кезімнен өлең жаздым. Әр адам жақсылыққа ұмтылуы керек қой. Егер мен мотивация бермесем, басқалар не істейді?»

Халықаралық зағиптар күніне орай қаладағы арнайы кітапханада концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Іс-шара қатысушылар мен қонақтар үшін жарқын оқиға болды. Себебі, бұл шығармашылық қойылымдардан ләззат алуға ғана емес, мүмкіндігі шектеулі жандардың әлеуметтік бейімделуінің маңыздылығын атап өтуге мүмкіндік берді.

Зағип жандар бүгінде 1824 жылы француз өнертапқышы Луи Брайль ойлап тапқан Брайль алфавитінің арқасында белсенді дамып келеді. Нүктеге негізделген жүйе оларға оқып, жаузға мүмкіндік береді.

Ботагөз Өзжігітова, Брайль кітаптарын өндіру бөлімінің меңгерушісі: «Егер адам қызығушылық танытса, тез үйренуге болады. Алфавиттің өзін бір-ақ күнде жаттап алуға болады. Содан кейін біртіндеп жазуды үйрене бересіз. Саусақтарыңызды үнемі жаттықтырып тұру керек. Ең бастысы-үйреніп кету үшін оқуды үзбеу керек»

Дәрігерлердің айтуынша, көру қабілетінің жоғалуы түрлі факторға, соның ішінде жарақаттарға, ауыр ауруларға және генетикалық бейімділікке байланысты болуы мүмкін. Көз денсаулығын сақтаудың маңызды аспектілерінің бірі – оның алдын алу.

Жомарт Жүнісбеков, жоғары санатты офтальмолог дәрігер: «Көру органдарының барлық патологияларының ішінде сыну аномалиясы, катаракта, глаукома және диабеттік анизопатия жиі кездеседі. Бұл аурулар көру қабілетінің айтарлықтай төмендеуіне немесе соқырлыққа әкеледі. Егер сіз дәрігерге уақтылы барып, дұрыс емделсеңіз соқырлықтың алдын алуға болады»

Көру қабілетінің нашарлауы күн сайын өткен өзекті болып барады. Сондықтан, көз жанарынан айырылған жандарға қол ұшын созу өте маңызды. Көру қабілеті бұзылған азаматтарға Инклюзивті ортаны қалыптастыру керек дейді мамандар.