«Шумахер» шопырлар құрықталды

38
фото ТОПД
Түркістан облысы ПД Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері республикалық маңызы бар тас жолдарда жол көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында жан-жақты шаралар атқаруда. Соңғы үлгідегі «Кибер-шериф», «Кордон про М», дрон қолдану арқылы жол ережесін бұзушыларды анықтап, ескерту жұмыстарын жүргізуде.
Бұл жаңа құрылғылардың мүмкіндігі жоғары, үш қатар жолаққа бақылау жасап, автокөліктерді 150 метр қашықтықтан тіркей алады. Жол қозғалысы ережесін бұзған жүргізушілердің мемлекеттік тіркеу белгілері арқылы тани отырып, инспекторды хабардар етеді. Оның ішінде «Кибер-шериф» арқылы іздеуде жүрген көлік құралын тез арада анықтауға болады.
Баршамызға белгілі жол көлік оқиғаларының басты себептерінің бірі – жылдамдықты арттыру. Жыл басынан бері облыста 439 мыңнан астам жылдамдықты шектен тыс асыру дерегі анықталып, құқық бұзушы жүргізушілер әкімшілік жауапқа тартылған.
Мәселен патрульдік полиция «Шымкент-Самара» тас жолында автоматтандырылған жылдамдық өлшегіш «Автоураган» кешенімен қызмет атқару кезінде сағатына 60 шақырыммен басқару керек, сағатына 102 шақырыммен басқарған «Hyundai Polisade» маркалы автокөлікті анықтады.