Жамбыл облысы, Меркі ауданында 07-11 қараша күндері жамбы атудан жастар мен жасөспірімдер арасында республикалық турнир өтті. Атадан балаға мирас болып келе жатқан ат үстіндегі садақ ату өнерін жан-жақты дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған сайыста нағыз шеберлер жеңіс тұғырынан көрінді.
Айталық, Түркістан облысы ұлттық спорт мектебінің спортшылары бұл додада 2 алтын, 5 күміс және 3 қола медальға қол жеткізді.
Сондай-ақ, командалық жарыс «Массай» стилінен 1-орындарды иеленді.