Ұлттық ойын – халық мұрасы

952

Ұлттық ойын – халық мұрасы. Облыстық әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының ұйымдастыруымен ат спорты түрлері насихатталды. Бүгінде ұмыт қалған элементтер ескеріле отырып атқарылған шараға арна тілшісі де қатысып қайтты.

Мұнда сәйгүліктерін баптап, аттың құлағында ойнайтын, өңірімізге белгілі жас спортшылар келген. Олар атшабар алаңына жиналған қауымға алдымен ұлттық ойындардың бірегейі «Қыз қуу» ойнын көрсетті. Байқағанымыздай екі тарап та бір-біріне еселерін жіберген жоқ.

Ұлттық ойындар байқауы әмен қарай мергендік сынының бір түрі жамбы ату жарысымен жалғасын тапты. Жүйрік аттың екпінін бәсеңдетпестен, нысананы көздеген спортшылар сайыстың бұл түрінен де ептіліктерін көрсете білді.

Мырзабай Омаров, Облыстық әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының ғылыми әдістемелік бөлімінің меңгерушісі: «Бұл ойын түрлерінің түбінде қазақ халқының батырлығын, ептілігін, осындай ерекше спорт ойындарымыз болғанын дәріптейді. Сондықтан да тек мереке қарсаңында емес, әсіресе жастар арасында насихаттау біздің орталықтың міндеті. Қазақтың ұлттық ат спорт түрлерінің адам баласына тәрбие бағытында да қосар үлесі мол».

Көрермендерді қиқуға бастырған, ұлттық спорт түрі ол – теңге ілу болды. Қатысушылардың барлығы атқа мықтылығы мен ат үстіндегі денесін игеріп, билей алатындығын көрсете білді. Бір қуантарлығы теңгені іліп ала алмай, аттан ауып қалғандары жоқ. Арасында сынақтан сүрінбей өтіп, барлық теңгені олжалаған спортшылар да болды.