2 жылда мүлде қылмыс тіркелмеген ауыл тіршілігі…

25
фото ТОПД
Түркістан облысы Сауран ауданында 2 бірдей ауыл «үлгілі ауыл» қатарына қосылды. Соның бірі «Шыпан» ауылы. Онда жеке кәсіпкерлердің түсінігі мен қолдау білдіруінің арқасында, 10-ға тарта дүкеннің ешқайсысы ішімдік сатпайды.
2117 тұрғыны бар Шыпан елді мекенінде жастар салауатты өмір салтын ұстанған. Тіршілігі қайнаған ауылдың учаскелік полиция инспекторлары қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу, отбасылық-тұрмыстық, қоғамдық заң бұзушылықтарды болдырмауды мақсат еткен. Олар халықпен тығыз жұмыс жасайды. Темірдей тәртіп орнатқан сақшылардың қызметіне ауыл тұрғындары оң баға береді.
Спортты серік еткен оқушылар түрлі республикалық спорттық сайыстардың жүлдегері атанған. Ауыл имамы, ақсақалдары бірлесіп, профилактикалық шараларды үздіксіз атқарып отырады.
Аналарымыз жас келіндерге өмірлік тәжірибелерін үйретіп, тұрмыстық өмірге баулуда. Бала тәрбиесі, отбасы тыныштығы сақталған.
Бірнеше ұлт өкілдері ынтымағы жарасып, бейбіт өмір сүруде. Жалпы жұрт қонақ күткенде дастарханға арақтың орнына ағарған қоюды әдетке айналдырған.