10 АЕК мөлшерінде алимент өндірілді

24
фото kz.otyrar.kz
 Шымкент қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында талап қоюшы Н.-ның жауапкер А.-ға бала 3 жасқа толғанға дейін жұбайын асырауға алимент өндіру туралы талап қоюы бойынша азаматтық ісі қаралды.
Талап қоюшы өзінің талабында, кәмелетке толмаған балаларының мүддесін негізге алып, жауапкерден 2024 жылыдң 15 қазанынан бастап кәмелетке толмаған 2022 жылы және 2024 жылы туылған балалары үш жасқа толғанға дейін 30 еселенген айлық есетік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде алимент өндіруді сұраған.
Сот отырысында жауапкер А. кәмелетке толмаған 2022 жылы туылған А. мен 2024 жылы туылған М.-ның әкесі бола тұра, жауапкер А. кәмелетке толмаған балаларын, отбасын материалдық жағынан тиісті түрде қамтамасыз етпей жүргені өз дәлелін тапты.
Бірінші сатыдағы сотпен талап арыз ішінара қанағаттандырылған.
Сот, балалардың, отбасы хал-жағдайын ескеріп, жауапкердің тұрмыстық жағдайын және талап қоюшының жоғарыда көрсетілген балаларын асырап бағу үшін алимент өндіріліп жатқанын ескеріп, талап қоюшы Н.-ның пайдасына 10 АЕК мөлшерінде алимент өндіруді туралы шешім шығарды. Шешім заңды күшіне енді.