Татуировкасы барлардың намазы қабыл бола ма?

25

Мүфтият жаңа пәтуа шығарды. Бұл жолғы үкім денеге салынған суретпен байланысты. Имамдар татуировкамен намаз оқуға болады және дәрет те өтеді деген шешімге келіпті.

Денесінде татуировкасы барлардың намаз оқуына болады. Себебі денеге салынған сурет дәретке, намазға және имандыққа кедергі болмайды. Бұл Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының ресми сайтында жазылған.

Берік Шотабеков, Абдуссаттар Сманов мешітінің имамы: «Татуировка дәретке ешқандай кедергісін келтірмейді. Бірақ егер де салдырайын деп жатқан жігіттер, қыз-келіншектер болса, бұл нәрседен үзілді-кесілді тыйылу қажет. Себебі бұл шариғатта харам етілген, ауыр күнәлардың бірі боп есептеледі»

Яғни, бұрын салынған денедегі суретті мүмкіндік болса өшіру қажет. Дегенмен, татуировканы кетіру денсаулыққа зиян болса, оны қалдырудың оқасы жоқ дейді имамдар. Мүфтият шығарған жаңа пәтуа туралы халық пікірі қандай? Өздерінен сұрап көрдік.

— «Негізі ол дұрыс емес деп ойлаймын. — Шығарған пәтуа дұрыс емес деп ойлайсыз ба? Ия»
— «Имамдар рұқсат берсе, дұрыс шығар енді. Ондай білім жоқ менде оны айтатын»
— «Имамдар айтса, дұрыс шығар. Бірақ шамалы дұрыс емес екен»

Дін өкілдері татуировка салудың ауыр күнә екенін тағы ескертеді. Сондықтан, денесіне сурет салдырғандардың және оны салып берушілердің ісі – харам болып қала береді дейді имамдар.