57 бала бейімдеу орталығына орналастырылған

4

Шымкентте бір түннің ішінде 8 жасөпірім бейімдеу орталығына орналастырылды. Себебі олар беймезгіл уақытта көшеде жүрген дейді полицейлер. Патрульдеу кезінде түнгі 22:00-ден кейін ойын-сауық мекемелерінде болған 141 бала анықталды. Балалары түнгі уақытта бақылаусыз жүрген 150 шымкенттік ата—ана жауапқа тартылды.

Шымкент қалалық Полиция департаменті: «Сондай-ақ, ойын-сауық мекемелерінде болған кәмелетке толмаған 9 бала анықталып, заңды өкілдеріне қатысты хаттамалар толтырылды. Ал, мұндай заң бұзушылыққа жол берген кәсіпкерлерге әкімшілік кодекске сәйкес айыппұл салынды»

Айта кетсек, жыл басынан бері 57 жасөспірім бейімдеу орталығына орналастырылған. Сонымен қатар, 30 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Шымкент қалалық Полиция департаменті: «Әкімшілік кодекстің 132-бабы бойынша кәмелетке толмағандардың ойын-сауық орындарында болуына жол берген 39 мекеме анықталды. Әкімшілік кодекстің 442-бабының 1-бөлігі бойынша түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болған 65 жасөспірім, сонымен қатар, осы баптың 2-бөлігі бойынша түнгі уақытта заңды өкілсіз, тұрғын үйден тыс жерлерде болған 971 жасөспірім анықталды».