Шымкентте ҚР ҚМ Армия орталық спорт клубының (АОСК) комиссиясы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты 6-шы механикаландырылған құрамасының жеке құрамынан сынақтар қабылдады. Іс-шара тексерушілердің қатаң бақылауымен жүзеге асырылды және бригада әскери қызметшілерінің 100%-ын қамтылды. Тексеру шеңберінде жылдамдықты, төзімділік пен күшті бағалауға бағытталған нормативтер орындалды, сондай-ақ жаттығу базасының жай-күйі, оның ішінде спорттық қалашықтар мен пайдаланылатын жабдықтар да тексерілді.
Сынақтар әскери қызметшілердің дене шынықтыру дайындығын объективті бағалау және оқу-жаттығу процесін одан әрі жетілдіру бағыттарын анықтау үшін қабылданды. Жас топтарын ескере отырып, нормативтер бойынша сынақтар қабылдау әрбір әскери қызметшінің жеке мүмкіндіктерін барынша дәл анықтауға мүмкіндік берді.
Тексеру нәтижелері жеке құрамның дене шынықтыру дайындығының жоғары деңгейін растап, 6-шы механикаландырылған құраманың жалпы бағасы «өте жақсы» деп белгіленді. Бұл көрсеткіш құраманы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдері арасында ең жоғарғы баға алуына мүмкіндік берді.
Бригада командирі, подполковник Сергей Бибулатов қолданылатын тәсілдер жеке құрамның дене дайындығын объективті бағалаудың маңызды құралы болып табылатынын атап өтті.
— Жылдамдық, төзімділік пен күшті дамытуға бағытталған көрсеткіштер оқу процесін жетілдіру бағыттарын жедел анықтауға мүмкіндік береді. Тексерудің жоғары нәтижелері әскери қызметшілердің жоғары кәсіби деңгейін және қойылатын талаптарға толық сәйкестігін растайды, — деп атап өтті ол.
Дене шынықтыру дайындығы нормативтерін тұрақты тапсыру әскери бөлімнің жауынгерлік әзірлігін қамтамасыз ету жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Сабақтардың әр түрлі болуы және заманауи стандарттарға сай болуы өте маңызды. Егер жаттығулар сапалы өтсе, онда жауынгерлердің тапсырмаларды орындауға дайындығы тиісті деңгейде болады.