Үш білім беру мекемесіне қатысты тергеу жүріп жатыр

Шымкентте үш білім беру мекемесіне қатысты тергеу жүріп жатыр. Үш жағдайда да есепшілер қызметкерлерге немесе өзіне артық ақша аудару бойынша күдікке ілінді. Ішкі мемлекеттік аудит департаменті өкілдері Шымкент қаласында шағым көп түсетін және тәуекелдер тізімінде алғашқы орында тұрған білім басқармасы екенін жеткізді.

Нұржан Сүлейменов, Ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары: «Үш білім саласы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Біз анықтадық, қазір құқық қорғау органдарына жіберілді. Артық ақша аударған бухгалтер, үш жағдайда да артық ақша аударған».

Өткен жылдың қазан айынан бастап, онлайн бюджет мониторинг құрылып, 11 білім беру мекемесіне мониторинг жасалды. Нәтижесінде 3 млн. теңге қаржылық бұзушылық анықталған. Биыл жыл басынан бері небәрі екі ай ғана өтсе де, тәуекелдер тізіміне 105 білім беру ұйымы ілінген.

Нұржан Сүлейменов, Ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары: «Білім саласы бойынша, 11 білім беру ұйымы бойынша 18,8 млн теңгенің төлемдеріне мониторинг жасалды. Нәтижесінде 3,1 млн. теңге қаржылық бұзушылық анықталып, бюджетке толық көлемде өтелді. 800 мың теңгеден асса, рисковой деп есептеледі. Мониторинг жасап отырамыз, егер 800 мыңнан асса, біз хабарлама жібереміз, олар құжаттарын ұсынады. Егер ұсына алмаса, тексеру жүргізіледі. Өткен жылы 11 білім ордасы болса, қазір 105 білім саласына мекемеге хабарлама жібердік».