Варикозды емдеудің жаңа тәсілдері: шетелдік маман кеңес береді

ОТЫРАР

Шымкентте варикозды операциясыз әрі тез емдеуге мүмкіндік туды. 26-28 ақпан күндері «Флебология және лазерлік медицина» клиникасында Еуропаның белгілі флебологы Арнольд Кадиш науқастарды қабылдап, кеңес береді.

Аяқтағы ауырсыну, ісінуі және қан тамырларының кеңеюі. Бұл — варикоздың алғашқы белгілері. Бұл дерт егде жастағы адамдарда ғана емес, жастар арасында да жиі кездеседі. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, бүгінде Қазақстан халқының 60%-ға жуығында варикоз бар. Осыған байланысты, 26 және 28 ақпан аралығында «Флебология және лазерлік медицина» клиникасында Еуропаның танымал флебологы Арнольд Кадишс қабылдау жүргізеді. Ол қазақстандық дәрігерлерге варикозды емдеудің жаңа әдістерін таныстырып, өз тәжірибесімен бөліспек.

Бүгінде варикозды жылдам әрі операциясыз емдеуге мүмкіндік бар. Арнольд Кадишстің айтуынша, заманауи әдістер науқас үшін барынша қолайлы әрі тиімді. Және халықаралық талаптарға толық сай келеді.

Арнольд Кадишс, хирург-флеболог: «Варикозды емдеуде біз лазерлік терапияны қолданамыз. Бұл әдіс тек беткі көктамырларға ғана емес, терең орналасқан тамырларға да әсер етуге мүмкіндік береді. Бұл – салыстырмалы түрде жаңа технология. Дегенмен өз тиімділігін дәлелдеп үлгерді. Емдеу барысында бар болғаны бірнеше инъекция жасалады. Ал, науқас сол күні-ақ үйіне қайта алады»

«Флебология және лазерлік медицина» клиникасында варикозды емдеудің заманауи тәсілдері қолданылады. Бұл әдістер емнің тиімділігі мен науқастың жайлылығын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, клиникада шетелдік мамандармен тәжірибе алмасуға ерекше мән беріледі.

Рустамбек Келімбетов, «Флебология және лазерлік медицина» клиникасының бас дәрігері: «Біздің тамыр клиникамызда терең тамырлардың тромбозымен немесе сырттың тамырларының тромбозымен ауыратын науқастар  2-3 сағаттың ішінде ем қабылдап, бірден үйіне қайта алады. Біз шетелдік методикаларды қолданамыз. Сондықтан науқастар кәдімгі аурухана 2-3 аптадан 2-3 айға дейін дәрі қабылдап жүрсе, бізде 2 күннің ішінде ем қабылдап, шыға алады»

Білікті мамандармен тәжірибе алмасудың нәтижесінде клиника дәрігерлері флебология, проктология және гинекология саласындағы ауруларды жылдам әрі тиімді емдеудің жаңа әдістерін меңгерген.

Лицензия №010793, 21.12.2016 ж. Денсаулық сақтау басқармасы берген.

Мекенжайы: Шымкент қаласы, Уәлиханов көшесі, 200 «Б», «Қазандық» аялдамасы
Байланыс нөмірлері: +7 7252 60-68-57, +7 701 770 68 57
Instagram: @lazernaya_medicina_kz