Түркістан облысы Шардара ауданының полиция қызметкерлері ұрысын қолға түсірді. Белгілі болғандай, күдікті ер адам күндізгі сағат 12:00 шамасында үй иесінің жоқтығын байқап, бөтеннің үйіне жасырын ұрлыққа түскен. Ол қоршаудан секіріп өтіп, сарайдың терезесін сындырып, ішке кірген.
Сөйтіп құны 60.000 теңге тұратын «STELS» маркалы велосипедті жұмысына жетіп алу үшін жымқырып кеткен. Содан кейін күдікті ұрланған велосипедті 5000 теңгеге сатып үлгерген.
Полицейлер ұрланған велосипедтерді айғақты зат ретінде алып, заңды иесіне қайтарды. Сондай-ақ тәртіп сақшылары оның пәтер ұрлығына қатысты тағы бір фактісін анықтады. Қазіргі таңда күдіктінің ісі сотқа өтті.