Блогер NNN 5 млн. оқырманы мен жерлестеріне үндеу жолдады

фото ТОПД
Жастардың сүйікті блогері, Кентау қаласының тумасы, желіде 5 миллион оқырманы бар Нұрдаулет Бектұрсын полициямен бірге профилактикалық іс-шараға қатысты.
Ол «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жастарға арнайы үндеу жолдады. Блогер жастарға дұрыс бағыт-бағдар беру — қоғамның ортақ міндеті екенін атап өтті.
NNN өз сөзінде қазақстандық жастарды салауатты өмір салтын ұстануға, спортпен шұғылдануға және теріс әрекеттерден аулақ болуға шақырды.