ММА чемпионы Арман Оспанов ата-аналарға үндеу жасады

фото ТОПД
Танымал спортшы, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері Арман Оспанов Түркістан облысында өтіп жатқан “Жасөспірім” атты алдын алу іс-шарасына үн қосып, жастарға арнайы бейнехабарлама жолдады. Ол жастарға дұрыс бағыт-бағдар беру — қоғамның ортақ міндеті екенін атап өтті. Өз сөзінде ол жастарды салауатты өмір салтын ұстануға, спортпен айналысуға және теріс әрекеттерден аулақ болуға шақырды.
Жастар – ел болашағы. Сол себепті, әр жасөспірім өз болашағына жауапкершілікпен қарауы керек. Спорт – тәртіп пен тәрбие мектебі. Өздеріңді дамытуға тырысыңдар, – деді ол өз үндеуінде.
Арман Оспанов – жастар арасында үлкен беделге ие тұлға. Оның бұл үндеуі “Жасөспірім” жобасының маңызын арттыра түсті. Іс-шара аясында Төлеби ауданында мектептер мен колледждерде түрлі кездесулер, спорттық жарыстар мен құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.