Úı ANONS Орталық Азия инновациялық университеті: 4 мыңнан астам түлекке диплом табысталды

Орталық Азия инновациялық университеті: 4 мыңнан астам түлекке диплом табысталды

Шымкенттегі Орталық Азия инновациялық университеті кезекті бітіруші түлектерін ұясынан ұшырды. Салтанатты кеш барысында 4 мыңнан астам студентке диплом тапсырылды. Бұл – олардың бірнеше жылғы табанды еңбегі мен ұстаздарының қолдауының нәтижесі ғана емес, үлкен өмірге бастар жолдың алғашқы қадамы. Университет білім мен тәжірибені, теория мен инновацияны қатар дамыта отырып, өз түлектерінің бәсекеге қабілеттілігін дәлелдеді.

Ән мен биге толы бұл кеш – Орталық Азия инновациялық университетінің түлектері үшін ұмытылмас мерекеге айналды! Салтанатты сәт дәстүрлі қазақ билерімен басталып, сахнада өнер көрсеткен жүргізушілер мен әншілер көрермен көңілін бірден баурап алды. Зал ішін шаттық пен рухты мақтаныш сезімі кернеді.

Шымкенттегі Орталық Азия инновациялық университеті – заманауи білім берудің үлгісін көрсетіп келе жатқан жоғары оқу орны. Университетте инновация мен тәжірибеге негізделген оқыту жүйесі кеңінен қолданылып, білім қолжетімді әрі сапалы түрде ұсынылады. Биылғы жылы 4 000-нан аса студент оқуын аяқтап, оның 24-і үздік диплом алды. Университет жаңа буындағы зертханалармен, заманауи технологиялармен және инновациялық бағыттағы оқу кабинеттерімен жабдықталған.

Ерлан Оңласынов, Шымкент қаласындағы Орталық Азия инновациялық университетінің ректоры: «Бүгінгі күні Орталық Азия инновациялық университетін 4000-ға жуық студент бітіріп отыр. Біз өзіміздің студенттерге 4 жыл бойы сапалы білім, саналы тәрбие беруге тырыстық. Мүмкіншілігінше ертеңгі үлкен өмірге дайындауға. Сонымен қатар, студенттерге қосымша білім беруге біз үйреттік деп айтаға болады»,

Институт ректоры атап өткендей, білім алушылар жыл сайын түрлі зияткерлік сайыстар мен ғылыми алаңдарда университеттің абыройын асқақтатып келеді. Жеңістер мен қызыл дипломдар, ұстаздарға деген алғыс – мұның бәрі университеттің берік білім беру жүйесі мен кәсіби деңгейі жоғары ұжымының айғағы.

Раушанбек Қанатов, түлек: «Мен осы жылы бакалавриат бойынша дене шынықтыру және спорт мамандығын аяқтап жатырмын. Қызыл дипломмен. Осы 4жыл ішінде біраз жетістіктерше жетіп, алдыма қойған мақсаттарға бағындырып, жаңа достар тауып,  мұғалімдердің қолдауына ие болып осындай дәрежеге жетіп отырмын».

Шара соңында түлектер жарқын фотосуреттерге түсіп, бір-біріне алғыс айтып, естелік сәттермен бөлісті. Бұл күн көптеген студент үшін үлкен өмірге бастау болды. Қазіргі таңда Орталық Азия инновациялық университеті талапкерлерді қабылдауды бастап кетті. Оқу орны 30 мамандық бойынша білім ұсынып, бакалавр және магистр дәрежелерін алуға мүмкіндік береді.

Лицензия № KZ16LAA00025036, 2021 жылғы 2 наурызда ҚР Білім және ғылым министрлігі тарапынан берілген

Мекенжайы: Шымкент қаласы, Мәделі Қожа көшесі, 137/1, Академик Мардан Сапарбаев атындағы корпус.

×