Úı ANONS Биыл Шымкенттің мәдени өмірі табысты болды

Биыл Шымкенттің мәдени өмірі табысты болды

Биыл Шымкенттің мәдени өмірі айтулы жетістіктермен өрнектелді. Бұл туралы салалық басқарма басшысы мәлімдеді. Оның айтуынша, жыл басынан бері қалада ауқымды шаралар өткізіліп, театр ұжымдары халықаралық сахналарда өнер көрсетті. 

Жыл басталғалы Шымкентте мәдени өмір қыза түсті. Ұлттық мұраны насихаттауға ерекше көңіл бөлініп, айтыстар мен жыр-терме кештері көптеп ұйымдастырылды. Жалпы осы уақыт ішінде 2500-ден астам концерт пен мәдени шара өтіп, оған 2 млн-ға жуық көрермен жиналды. Бұл шараларды жүзеге асыруға бюджеттен 13 млрд. теңгеден аса қаржы жұмсалыпты.

БАУЫРЖАН ОРЫНТАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ, ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: «Ірі іс-шаралар: 18 республикалық, 4 халықаралық, және өңірлік деңгейдегі 70-тен астам мемлекеттік мерекелік, мерейтойлық іс шаралар, фестивальдер байқаулар, конференциялар мен форумдар өткізілді».

Айта кетерлігі, биыл Шымкенттің қала күні ерекше форматта өтті. Шымқала жұрты мерекені 10 күн бойы атап өтіп, алғаш рет «Тойдуман fest» фестивалі ұйымдастырылды. Ауқымды шара аясында 100-ге жуық отандық эстрада жұлдыздарының концерті өтіп, 100 мыңнан астам көрермен жиналды.

БАУЫРЖАН ОРЫНТАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ, ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: «Біз наурыздың он күндігін наурызнама арқылы жасайтын болсақ, қала күнін де солай қарсы алдық. Қала күніне арналған 10 күндік бағдарлама аясында осы іс-шаралар өтті».

Биыл Шымкент театрларының шығармашылық қоржыны да толыға түсті. Қала сахналарында 43 жаңа қойылым ұсынылды. Өнер ордалары Алжир,  Қытай мен Жапонияда да өнер көрсетіп, жүлделі орындармен оралды.

Лаура Бабас