Арыс аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жүк көлігіне ұрлыққа түскен бұрын сотты болған 38 жастағы ер адамды қолға түсірді. Тергеу барысында анықталғандай, күдікті жәбірленушінің үйінің алдында тұрған жүк көлігіндегі пайдаға асатын құралдарға көзі түскен. Таңғы сағат 04:00 шамасында ұрлыққа түсіп, темір балғамен жолаушы отыратын есіктің терезесін сындыру арқылы ішке кірген.
Ол жүк көлігіне тиесілі магнитола және басқа бағалы заттары жымқырып кеткен. Жәбірленушіге шамамен 200.000 теңге шығын келтірген.
Полиция қызметкерлері барлық ұрланған көлік бөлшектері айғақты зат ретінде алынып, заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда оған қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

