Úı ANONS Бір үйдің үш адамы уланып, қайтыс болды

Бір үйдің үш адамы уланып, қайтыс болды

Түркістан облысы Ордабасы ауданы Шұбарсу ауылында жеке тұрғын үйде бір отбасының үш адамы иіс тиіп, қайтыс болды. Олардың бірі — анасы, екеуі бала. Иіс тиген тағы бір бала бүгін ауруханадан шығарылды. Ол, оқиға орын алған күні жан сақтау бөліміне түскен еді.

«Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға қатты отынмен жұмыс істейтін жылыту пешін пайдалану ережелерінің бұзылуынан болған. Нақтырақ айтқанда, түтін мұржасының тазаланбаған»
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиғаға қатысты тексеру басталған. Арты өлімге әкелген оқиғаның мән-жайы анықталуда. Айта кетейік, бұдан бұрын Сарыағашта бір үйдің жеті адамы уланып, ауруханаға түскен еді. Төтеншеліктер тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға, түтін мұржаларын уақытылы тазалауға шақырған болатын.
Дилара Иса