Шымкент қаласының Қаратау ауданына қарасты Мәртөбе елді мекенінде бірнеше көшеде шамдар істен шығып, тұрғындар ұзақ уақыттан бері қараңғыда қатынап жүр. Олардың айтуынша, бірқатар көшедегі жарық шамдарының күйіп кеткеніне біраз уақыт болғанымен, мәселе әлі күнге дейін шешімін таппаған. Осылай деген зейнеткерлер қала әкімінің қабылдауына келген.
Мәртөбе елді мекеннің тұрғындардың сөзінше, заманауи жарыққа жарымай отыр. Айтуларынша, жауаптылар жаңа электр бағаналарын орнатқанымен ескісін ауыстырмаған. Ол аздай, 10 — ға жуық көшелерде жарықшамдары күйіп қалған. Бұл түйткілді көтеріп, тиісті мекемелерге бірнеше рет арыз-шағым жолдаған. Алайда осы уақытқа дейін нақты нәтиже болмай, мәселе созылып кеткен.
МҰҚТАР ИМАШЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: «Енді оларға 109 — ға да хабарластық. Қаратау ауданына апарып арызымызды өткізгенбіз. Қалалыққа да бергенбіз. 45 — тен астам лампалар көшеде жанбай тұр. Осындан бір апта бұрын келгенімізде бізге, АВМ фирмасы орталық Жібек жолы көшелеріне жауапты. Іші көшелерге жауапты емес деп айтқан болатын. Енді осыған нақты айта алмай отыр. Дүкен, мешіт, мектептің алды қап-қараңғы. Ауыстыратын ешкім жоқ».
Белгілі болғандай, ішкі көше жарықтандыруына жауапты мердігер мекеме болғанымен, жұмыстары жүйеленбей отыр. Осыған байланысты жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары уақытылы жүргізілмей отыр. Ал, қалалық Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының мамандары бұл жағдайдан осы уақытқа дейін хабарсыз болғандарын айтып, тұрғындардың өтінішінен кейін мәселені назарға алғанын жеткізді.
МҰСТАФА ТЕЛҒАРАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: «Мәртөбе ауылындағы көше жарығы туралы қазір ғана естідім. АВМ компаниясы осыдан бес-алты жыл бұрын жүргізген екен. Кімнің теңгерімінде, кім көше жарығын жүргізеді? Оны анықтау керекпін. Қазіргі таңда оның кепілдік мерзімі өтіп кетті ғой. Кім оны қызмет жасайды біілмеймін».
-Аудан әкімдігі хабардар ма?
-Иә хабардар. Нұрбол деген аудан әкіміне барғанбыз. Ол шешеміз деген. Қазір демалысқа кетіп қалыпты.
Оны аудан әкімдігі бар, біз бар бірге бірлесіп шешеміз.
Дегенмен, тұрғындар мәселенің уәдемен ғана шектелмей, нақты шешімін табуын талап етеді. Себебі қараңғы көшелер кешкі уақытта тұрғындардың қауіпсіздігіне қауіп төндіріп, әсіресе балалар мен қарттардың жүріп-тұруына қолайсыздық туғызып отыр.
Нұргүл Жолымбетова






