Úı ANONS Сабақ уақытында шетелде жүрген

Сабақ уақытында шетелде жүрген

Сарыағаш ауданында мектеп мұғалімдері мен  білім бөлімі қызметкерлері  Еңбек кодексі мен Бюджет кодексін белден басып, бюджетке  15 миллион теңге зиян келтірген. Бұл туралы облыстық прокуратура ақпарат берді. Ресми мәліметке қарағанда, прокурорлар білім саласына талдау жүргізген. Нәтижесінде, 680 маман жұмыс уақытында және сабақ уақытында шетелде жүрсе де, оларға толық көлемде жалақы  есептеліп, төленген.  

 

Прокурорлар қадағалау актісі негізінде жұмыс уақытында шетелге шыққан қызметкерлермен бірге, оған жол берген басшыларды да жазалаған. Олар «Мемлекеттік қызмет туралы» заң талабын бұзғаны үшін, тәртіптік жауапқа тартқан.

 

Дилара Иса