Úı ANONS Түркістанда жаңа жобалардың сәулеттік келбеті сараланды

Түркістанда жаңа жобалардың сәулеттік келбеті сараланды

Түркістан облысында жаңа инвестициялық жобалардың сәулеттік шешімдері талқыланды. Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен сәулеттік жобалар жөніндегі кеңесте өңірде жүзеге асырылуы жоспарланған инвестициялық және әлеуметтік нысандардың тұжырымдамалары қаралды. Жиын барысында инвесторлар өз жобаларын таныстырып, олардың өңір экономикасына, туризмді дамытуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға қосатын үлесін баяндады.

 

 

«Облыс әкімі әрбір жобаның сапалы әрі талапқа сай жүзеге асырылуы маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ сәулеттік шешімдер өңірдің тарихи-мәдени ерекшеліктерімен үйлесіп, Түркістанның заманауи келбетін қалыптастыруға үлес қосуы қажет екенін жеткізді. Инвесторлардың ұсыныстары мен пікірлерін мұқият тыңдап, жауапты басқармаларға бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Кеңес қорытындысында ұсынылған жобалар бойынша айтылған ескертулер мен ұсыныстарды ескере отырып, сәулеттік шешімдерді жетілдіру, жобаларды қолданыстағы талаптарға сәйкестендіру және іске асыру жұмыстарын жеделдету жөнінде тиісті тапсырмалар жүктелді.

 

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

 

Сонымен қатар ұсынылған нысандардың сәулеттік келбеті, инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуі, қоршаған ортамен үйлесімділігі және заманауи құрылыс талаптарына сәйкестігі жан-жақты сараланды. Әр жобаның өңірдің сәулеттік келбетін қалыптастырудағы маңызы мен тұрғындарға қолайлы орта құруға қосатын үлесіне де ерекше назар аударылды.

 

Нұргүл Жолымбетова