Úı ANONS Тұрғын: “Тірі депутатты енді көріп тұрмын”

Тұрғын: “Тірі депутатты енді көріп тұрмын”

Инфрақұрылым мәселесі халықты шаршартты ма? Қаратау ауданының әкімі мен аудан мәслихатының депутаттары халықпен кездесті. Мінберге шығып сөз алған мемлекеттік қызметкерлер атқарылған жұмысты тізбектеп, халыққа есеп берді.

Есеп тыңдауға емес, сұрақ қоюға асыққан тұрғындардың ұсынысы да, сауалы да көп болды. Бірі, жылт етсе өшіп қалатын жарықты сөз қылса, енді бірі, қыс ауасында кәріз жүйесінің иістеніп жатқанын жеткізді. Аудан әкімі қордаланған мәселелерге қатысты сұрақтарға жауап беруге тырысты.

Қаратау ауданының әкімі мен депутаттары халықпен кездесіп, тындырымды тірліктерімен бөлісті. Әкімнің айтуынша, жарық, жол, ауыз су мәселелері кезең-кезеңімен шешіліп келеді. Мәселен, кейбір тұрғын алабтың тұрғындары 12 сағаттап су ішіп отыр екен. Биыл бұл мәселе толық шешіледі деді аудан әкімі.

АЛМАС АБАЕВ,ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІ: “2026 жылы үш елдімекенде мемлекеттік ауыз су жүйесіне қосу мақсатында жұмыстары жүргізіледі. Ол жобалық сметалық құжаттама дайындалып жатыр. Бұл Таскен тұрғын алабының Жаңақұрылыс аумағында. Өсергрупп деген ЖШС дайындап жатыр. Сайрам т.а Жаңақұрылыс аумағында. Және гидрогеолог шағын ауданының Жаңақұрылыс аумағында ауыз суға құжаттар дайындалады”.

Әкім алдағы жоспрларымен бөлісіп, халықтың қамы үшін жасалатын жұмыстарымен таныстырып шықты. Бірақ, аудан тұрғындары жасалатын істен гөрі, бітпей жатқан тірліктерді жіпке тізгендей тізбектеп сұрау салды. Тіпті, көптен бері көрінбей кеткен халық қалаулыларын көріп қуанғандар да табылды. Жиында ішкі істер орган қызметкерлері тұрғындармен кездесу өткізсін деп талап қойғандар болды.

“атым Ербол Имашев депутаттың көмекшісімін. Не мәселе бар деді. Көрсетіп жібердім. Бірақ, хабарсыз. Сосын депутатты іздемейтін болдым. Ішкі істер бөліімі аудандарда кездеседі. Ал қалада кездеспейді. Заңы бөлек па бұл не?”.

ЖАУАП: “күндіз қолдары босамайды. Кешкі уақытта кездесіп жатыр. Басшы құрамнан барып жатыр. Сіздің данныйыңызды аламыз. Шақырамыз”.

“басшысы тағайындалған соң, хабар береміз. Таныстырамыз”.

Бұдан бөлек, қараша толассыз жауған жауын мен қар суынан зардап шеккенін

“Барлық су маған келеді. Қойған мотор игере алмай жатыр. Үш жыл болды. Шаршадым”.

“Біз қойған колодец насостан ары қарай өткізіп жіберу, бойынша биыл қарастырамыз. Шешеміз. Міндетті түрде”.

“Жарық бір апат болды. Өше береді. Не істейміз мұздатқышты телевизорды страховкаға қоямыз ба қайтеміз?”.

ЖАУАП: “пускатель бар, мынау жаңбыр тиген кезде, қар тиген кезде замыкание болып, ақаулар бойынша ауыстырып жатырмыз. Кеше мен болдым Қайтпаста, кеше түнгіі үште өшіп қосылды. Ал бір апат жанбай тұрғаны бойынша қаз жауап береді”.

ЖАУАП: “ақауларды реттеп жатырмыз. Егер қалпына келмесе, ауыстыру керек”.

Қоңыр күзде, алдағы қыс мезігіліне тас-түйін дайынбыз деп, есеп берген әкімдердің сөзі осы тұста еске түскендей. Өйткені, көшені су басып, үйлердің ауласын қардың суы шайып жатыр. Көптен бері жаумаған қар халықтан бұрын, әкіммдіктегілер мен төтеншеліктердің мазасын алғандай. Себебі, техникалар мен мамандар күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Бұл келер жылға сабақ болса деген ойдамыз.

Нұргүл Жолымбетова