Киім сатып береміз деп алдап соққан

507

Түркістан ҚІІБ-не жергілікті 65 жастағы тұрғын арызданып, онда 21.10.2017ж. қаладағы киім дүкеніне екі азаматша келіп, өздерін балабақша қызметкеріміз деп таныстырып оның сеніміне кіріп, Туркиядан әкелінген әртүрлі әйелдер киімдерін сатып береміз деп алдап әкетіп, содан хабарсыз кеткенін мәлімдеген.

Жәбірленушіге жалпы құны 3 110 000 теңгеден астам аса ірі мөлшерде мүліктік залал келген. Бұл дерек СДТБТ-не ҚР ҚК-нің алаяқтық бабымен тіркелді.

Аталған жайт бойынша Түркістан ҚІІБ –ның полицейлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, нәтижесінде 45 -46 жастағы ОҚО-ның екі тұрғынын анықтап ұстады.
Жүргізілген тергеп –тексеру жұмыстары барысында қолға түскен екі азаматшаның Түркістан қаласында орын алған алаяқтықтың 9 дерегіне қатыстылығы анықталған.

Полицейлер анықтағандай, алаяқтар жеке кәсіппен айналысатындар мен мал сойып етін сататындарды алдын ала анықтап, олармен жақыннан танысып-білісіп, сенімдеріне кіріп алған. Содан соң олардан үлкен көлемдегі әртүрлі киім-кешектер мен төсек жабдықтарын, содай-ақ қара мал және жылқы еттерін ақшасын айлықтан жинап береміз деп алдап әкетіп отырған. Ал қолға түскен мүліктерді сатып, түскен қаражатты өз қажеттеріне жұмсаған. Жәбірленушілерге жалпы 8 миллион теңгеден астам шығын келген.

Аталған жайт бойынша Түркістан ҚІІБ –ның тергеушілері жинақталған іс-құжаттарын сотқа жолдады.

ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы