Алматы-Шымкент бағытындағы қозғалыс тоқтаған жоқ

299
Автобустар жолға дайын

 

Автобустар жолға дайын
Автобустар жолға дайын

Шымкенттен Алматыға қатынайтын қалааралық автобустардың қозғалысы тоқтаған жоқ. Таңертең Оңтүстік Астанадан қалаға жеткен көліктер 750 шақырымға жуық жолды еш қиындықсыз жүріп өттік деп отыр. Оған қоса жаңа жолдың салынуы жолды қысқартқан. Жүргізушілердің айтуынша, бүгінгі таңда автобустардың әрқайысысы 50-ге жуық жолаушы тасымалдайды.

Алматы-Шымкент бағытындағы автобустың жүргізушілері бүгін де темір тұлпарларын жолға дайындауда. Олар күндегідей кешкі сағат 18-00-де сапарға аттанды. Мереке қарсаңында жолаушылар көбейетіндіктен, жолаушы тасымалдаушыларшылар табиғат тосын сый көрсетпесе, қатынауды тоқтатпаймыз деп отыр.