Автобус жүргізушісі масаң күйде көлік басқарған…

24

Бір тәулікте қоғамдық көлік жүргізушілерінің 200-ден астам әкімшілік құқық бұзушылығы анықталды. Осы жылдың 22-25 қаңтар күндері аралығында Түркістан облысының полицейлерімен «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде.

Іс-шараның бір тәулігінде қоғамдық көлік жүргізушілерінің 216 әкімшілік құқық бұзушылығы анықталды. Сонымен қатар 1 жүргізушінің көлік құралын алкогольді масаң күйде басқарғаны белгілі болды.
Қоғамдық көлік жүргізушілері бір емес он шақты жолаушыны тасымалдаумен айналысқан соң міндетті түрде жауапкершілікті сезінулері керек. Көлікке мінген әрбір адамның өмірі жүргізушіге байланысты.
Сондықтан жол қауіпсіздігін сақтау арқылы жолаушыларды діттеген жеріне аман жеткізуі керек. Ал өз кезегінде жолаушылар көлік жүргізушісіне кедергі келтірмей, құқық бұзушылық фактілеріне жол бермегені абзал. Автобус іс-шарасы осындай фактілерге байланысты әрбір жүргізуші мен жолаушыға түсіндіру жұмысын жүргізді.