Шымкентте жол ережесін бұзған жаяу жүргіншілерге айыппұл салынып жатыр. Бүгін жол-патрульдік полициясының қызметкерлері рейдік шара жүргізіп, ереже бұзған жерлестерімізге шара қолданды.
![жол ережелерін бұзатындардың қатары көбейген](https://kz.otyrar.kz/wp-content/uploads/2014/04/179.png)
Жол сақшыларының айтуынша, жол ережесін бұзатын жүргіншілердің қатары азаяр емес. Тасжолдағы жолақтарды көзге ілмейтіндерге түсіндірме жұмыстары да жүргізілді. Айта кетейік, Шымкентте соңғы 3 ай ішінде жаяу жүргіншілердің қатысуымен 273 жол апаты орын алған. Салдарынан 28 адам мерт болыпты. Қайғылы оқиғалардың нәтижесінде 245 адам түрлі жарақат алған.
![айыппұл көлемі 90](https://kz.otyrar.kz/wp-content/uploads/2014/04/178.png)
Нұрғиса Мошқалов, Шымкент қалалық ішкі істер басқармасы жол-патрульдік полиция полкының инспекторы: «Қазір, көбіне, жаяу жүргіншілердің кесірінен жол апаты орын алып жатыр. Мәселен, бүгінгі рейдттік іс-шара барысында, яғни, жарты сағаттың көлемінде 3 хаттама толтырылды. Арнайы бап бойынша ереже бұзғандарға 5 айлық есептік көрсеткіште айыппұл салынады. Бұл – 9260 теңге деген сөз.»
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=gJ_620dDxyc[/youtube]