25 мамырда Шымкеттік ХҚКО-ларда шетел азаматтарына көші-қон желісі бойынша кейбір қызметтер қолжетімсіз болады

37
фото ХҚКО

 

Құзырлы органның тарапындағы ақпараттық жүйелерде жоспарлы техникалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты сенбі күні шетелдік азаматтарға кезекші ХҚКО-лар мен көші-қон қызметтері орталықтарында кейбір мемлекеттік қызметтер көрсетілмейді.

Сондықтан, 25 мамыр күні келесі мемлекеттік қызметтер қолжетімсіз:
— Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру;
— Еңбекші иммигрантына рұқсат беру, мерзімін ұзарту және кері қайтарып алу;
— Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат беру.

Бұл қызметтерді көрсету 27 мамырда қайта жанданатын болады.