Қоқыс өңдейтін зауыт жұмысын бастады

497

Бүгін күннің басты жаңалығы. 2006 жылдан бері жыр болған Шымкентегі қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін алғашқы зауыт іске қосылды. Жылына 200 мың текше метр қалдық өңдейтін өндірістің жұмыс жүйесімен қала әкімінің орынбасары танысып, алғашқылардың бірі болып, өңделген шикізатты көрді. Енді бірер күнде ескі қоқыс полигоны жабылып, жылдар бойы қара түтінге тұншыққан жерлестеріміздің тыныстары кеңейеді. Жаңа зауыттың қондырғыларын қосуға Ресейден арнайы мамандар да келді.

003

Енді бірер күнде жаңа өндіріс орны толығымен іске қосылады. Қаладағы бірнеше мекеме тұрмыстық қалдықтарын жаңа полигонға төгетін болды. Ол үшін зауыт иелерімен келісім-шартқа тұрып үлгерген. Әзірге төлемақы өзгеріссіз қалады деп сендірді жауапты мамандар.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=A8HzpEcl1h8[/youtube]

Айтпақшы, зауыт жанындағы бюджет қаражатына салынған қоқыс алаңында әлі де біраз жұмыс атқарылуы тиіс. Әсіресе, жол мен су мәселесі толық шешілмеген. Егер осы екі мәселе дер кезінде шешімін тапса, көк түтінге жылдар бойы тұншығып келген тұрғындардың таза ауамен тыныс алуына мүмкіндік тууы мүмкін.