Шымкентте қаңлы жазуы мен Құдайының суреті қойылған көрме ашылды

1383

img_7990-1544-x-1028

«Ұлы дала елі – өркениеттер тоғысында». Дәл осындай атаумен Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогика институтында көрме орталығы ашылды. Онда Оңтүстіктің темір дәуірінен орта ғасырларға дейінгі заттай тарихы жинақталған.

ovneseniiizmeneni
Сармат әйелінің алқасы

Мұнда қойылған құнды жәдігерлердің бірі – сармат әйелінің алқасы. Қызылжар қорымын қазу кезінде бірнеше сармат адамының сүйегі табылған. Осы алқа солардың ішіндегі әйел адамның мойнында болыпты. Біздің заманымызға дейінгі 1 ғасыр мен біздің заманымыздың ІІ ғасырына жататын қорымдағы қазба жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.

img_8013-1544-x-1028Александр Подушкин, ОҚМПИ археологиялық жасақтың жетекшісі, т.ғ.д., профессор: «Мұндағы жәдігерлер музей мәртебесіне ие. Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік мұражайына тиесілі. Тағы бір айта кетерлігі, біздер осы экспозицияларға жылда өзгеріс енгізе аламыз. Осы үшін де кей орындарын бос қалдырдық. Себебі, жәдігерлер қатары жаңарып, толығып отырады».

img_8030-1544-x-1028
Қаңлы мемлекеті. Үшбастөбе қалашығы (б.з. II-IV ғғ.)
img_8031-1544-x-1028
Фаренхварена құдайының бейнесі

Көрме орталығындағы бірегей жәдігерлердің бірі – Үшбастөбе қалашығынан табылған Фаренхварена құдайының бейнесі. Қаңлы заманына тиесілі бұл бейне үлкен құмыраның сыртына сызылған.

img_8026-1544-x-1028
Қаңлы мемлекеті. Күлтөбе қалашығы (б.з. II-IV ғғ.)
img_8027-1544-x-1028
Қаңлы жазуы

Қаңлылардың бізге жеткен тағы бір мәдениеті қаңлы жазуы болып отыр. Күлтөбе қалашығынан табылған жазу керамикалық кірпіштерге қашалып түсірілген.

Александр Подушкин, ОҚМПИ археологиялық жасақтың жетекшісі, т.ғ.д., профессор: «Бұл жазудың кілтін Кембридж университетінің атақты лингвисті Никонс Симбиримс тауып, не жазылғанын оқыды. Әліпбиі бар бұл жазуда қаланың негізі қалануы, көшпелілер тұрмысы мен көшпенділердің қала мәдениетін қалыптастыруы туралы жазылған. Номад сөзі осы жазуда алғаш рет «шатыр адамдары» деп аталған. Номадтарды қиратушы емес, жасаушы, құрушы ретінде көрсеткен. Тіпті әке мен бала қарым-қатынасы, әскери шенділер туралы айтылған.»

img_8067-1544-x-1028
Тас дәуірі. Орта палеолит, мезолит (б.з.д. 100-10 мыңжылдық)
img_8067-1544-x-1028
Қарахан мемлекеті (X-XII ғғ.). Ақбұлақтөбе қалашығы

Көрме орталығында соңғы 50 жыл бойына жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған жәдігерлер қойылған. Мұндағы 12 шыны жәшіктен темір дәуірінен бастап Қарақан мемлекетіне дейінгі аралықтағы 1000-нан астам жәдігерді көруге болады.

Фотосуреттерді түсірген: Жәнібек НҰРЫШ