Сайрамдағы құрылыстан адам сүйектері табылды (видео)

561

Сайрам ауданынан тың жаңалық. Су құбырын жүргізу үшін жер қазған құрылысшылар адам сүйектеріне тап болды. Оларды байқап көрген археологтар сүйектер ХХ ғасырларға тиесілі деген тұжырымға келді.

004

Көнеден сыр шертетін түтікшелер мен бедерлі құмыралар, ыдыс-ақтар адам сүйектерімен бірге небәрі 1,5 метр тереңдікте жатыр. Олар Сайрамның қақ ортасындағы көшенің бойындағы құрылыстан табылып отыр. Әдеттегіден өзгеше заттарды ең алдымен Анатолий байқайды. Алдын ала болжам бойынша, XVII ғасырға тиесілі бұйымдар мен XX ғасырда өмір сүрген адамдардың сүйектерінің бір жерде жатқаны археологтардың өздеріне жұмбақ болып отыр. Дегенмен, ыдыс-аяқтар мен сүйектердің бір-біріне қатысы жоқ болуы мүмкін дейді олар.

[youtube]http://youtu.be/PKYAmRND-vk[/youtube]

Жәдігерлер табылған маңға жақын жерде Шахристан қалашығы орналасқан. Республикалық маңызы бар бұл ескерткіш тарихқа бай. Құбырлар тартылатын шұңқырлар дәл осы маңнан қазылыпты. Мамандар бұл сүйектер ашаршылықта мерт болғандарға тиесілі болуы мүмкін деп отыр.

[youtube]http://youtu.be/FzDdiiwq49k[/youtube]

Зерттеу жұмыстары мұнымен бітпейді. Мамандар алдағы уақытта тереңдетіп зерттеу жұмыстарын жалғастырамыз деп отыр.

[youtube]http://youtu.be/grvqxhmonNA[/youtube]