Қаңғыбас ит-мысықтың құрбаны көп

329
қаңғыбас ит-мысықтың құрбаны болудан сақтаныңыз
Бес жарым жасар Нұрдәулетті көршісінің иті тістеп алған. Дереу емдеу мекемесіне әкелген баласына дәрігерлер құтыруға қарсы екпе жасады, - дейді Нұрдәулеттің анасы. Нұрдәулет секілді көршісінің ғана емес, сондай-ақ  қаңғыбас ит- мысықтардан жапа шеккендер қатары азаймай отыр,-дейді дәрігерлер.
Ал Шымкент қалалық әкімдігі ветеринария бөліміндегілер 12 мыңнан астам иесі бар, 3500 қаңғбас иттерге екпе жасадық деп отыр. Бұл мақсатта респ. қазынасынан 15 млн. 520 мың теңге бөлінген де. Жергілікті бюджеттен 20 млн. теңге ит-мысық аулауға жұмсалған. Бірақ қыруар қаржы жұмсалған жұмыс жеміссіз дейді қалалықтар.
Тіпті биылдың өзінде құтыру диагнозымен тіркелгендер де табылған. Ит-мысық тістеп алған жағдайда жедел дәрігерге көрінбесе, құтырудың құрбаны болу ғажап емес дейді дәрігерлер. Сақтансаң сақ боларсың. Қауіпті дерттен қорғану қоғамға ортақ іс. Үйдегі ит-мысығыңызға дер кезінде құтыруға қарсы екпе жасатып, қаңғыбас ит-мысық туралы тиісті орынға жедел хабарласуды ұмытпаңыз. Телефондары: 540613,539421
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=6_efl3ifumA[/youtube]