Жаңалықтар 

Қайнарбұлақ елді-мекені не жарыққа, не ауыз суға жарымады

Қаланың іргесінде болсақ та, не жарыққа, не ауыз суға жарымадық. Қайнарбұлақ елді мекенінің тұрғындары осылай ашынады. Олардың айтуынша, электр таратушы мекеме тұтынушылардың құқын өрескел бұзып отыр. Мұндағы 148 абонеттің 48-і берешегін өтемегені үшін түгелдей жарықсыз қалған. Бұл барып тұрған әділетсіздік деген тұрғындар бұған жергілікті биліктің бас ауыртпайтынын да жеткізді.
Даудың басы кооперативтің бұрынғы төрайымынан басталған. Қайнарбұлақтықтар өздеріне жетекшіні қайта сайлап алған. Бірақ оны жергілікті билік төрайым ретінде қабылдамай қойыпты. Енді екі бірдей кооператив жетекшісі жарықтың төлемақысын бөлек-бөлек жинап жүр.
Весалидзе Людмиланың қолында парақ-парақ түбіртек жүр. Бірақ одан қайыр жоқ. Мұнда жарық былай тұрсын, ауыз су да болмай тұр. Өйткені тіршілік көзі электр қуатының күшімен тартылады.
Екі аптадан бері ауыз суға да, жарыққа да жарымаған жұрт бұл жағдайдың тұрмыстық ахуалды жүдетіп жібергенін айтады. Әсіресе, шәкірттерден обал болды дейді олар. Үтіктелмеген киіммен қараңғы қапастан кітап бетін ашуға мүмкіндігі болмаған оқушылар әйтеуір мектепке барып жүр. Бұдан өзге де қиындықтар жетерлік.

Қайнарбұлақтықтар бүгінгі күнге 160 мың теңге берешегін өтеген. Төленбеген тағы 60 мың теңге қарызы бар. Сөйтіп, біреудің кесірінен көпшілік те зардап шегуде.

Шекесіне тиген тұрғындар әр абонентпен енді бөлек есеп айырысуды қалайды. Бәрінде есептегіш құралдар орнатылған. Тек оны жүзеге асыру үшін хаттамалық жиналыс өткізіп, оған әділет департаменті, Абай аудандық әкімдігі және “Энергопоток” ЖШС-нен өкілдер қатысуы тиіс. Бірақ бұған бұл құзырлы мекемелер мұрнын шүйіре қарамаса болғаны дейді тұрғындар.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz