Шымкентте егеуқұйрықтармен күресуге биыл қала бюджетінен бұрын соңды бөлінбеген қаржы бөлінді деп қуанғанбыз. 43 миллион теңгенің жартысы көктем айларында игерілген. Енді күзгі дәрілеу жұмыстары басталды. Мамандардың айтуынша, басталған жұмыстар барысында 20 күннің ішінде 12 млн 800 мың шаршы метрлік аумақ дәріленеді. Оған үш бірдей мекеме жұмылдырылып отыр.
Қаладағы Қарасу өзенінің жағалауынан егеуқұйрықтарды көру қиын емес. Өзен маңындағы жер үйлердің де қора қопсысына ауру таратқыш жәндіктер емін еркін кіріп шығады. Кеміргіштерді улау шарасы бір жасағаннан нәтиже бермеуі мүмкін деп күмәнданған тұрғындар, мамандардың дәрі алып қалуға тырысады.
Көктем айларында Шторм және Ланират дәрмегін қолданған мердігерлер күзгі жұмыстарға Галантекс және Бромбы Д препараттарын себуді жөн санап отыр. Себебі, соңғысының әсері күшті дейді. Оның үстіне, егеуқұйрықтар дәрінің өзіне тез бейімделгіш келетіндіктен, оны жиі ауыстырып тұру қажет екенКеміргіштермен күрес шарасы Еңбекші ауданында Тассай елді мекенінен, Әл фараби ауданында Сәуле шағын аулданынан басталып отыр. Абайлықтар дәрілеу жұмыстарын Бозарық елді мекенінен қолға алған. Қала орталығындағы «Имран» сауда үйінде бұл шара соңғы кезеңде жүргізілмек. Тек, орталыққа жеткенше, қауіпті егеуқұйрықтар өзге аймақтарға қайта шабуыл жасап үлгермесе десеңіз.