Қыз-келіншектердің әлеуметтік қорғалуы төмен

Әлеуметтік салада көптеп қызмет ететін қыз-келіншектердің әлеуметтік қорғалуы төмен! Тєуелсіз кєсіподақтар конфедерациясының өкілдері осылай дейді. Олар «Отырар» телеарнасыныњ баспасөз орталығында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Қоғамның белді мүшелері саналғанымен, еңбекпен қамтылуда, бєсекелестікке қабылетті болуға бейімдеуде олар шет қалады. Есесіне, жүкті келіншектерді жұмыстан шығару, бала күтімімен отырған аналарды қысқарту фактілері тиылмай тұр. Бас еңбек инспекторының мєлімдеуінше, былтырғы жылы облыс көлеміндегі кәсіпорындар мен мекемелерде 6 әйел өндірістік жарақат алып, көз жұмған. Биылғы 9 айда мұндай жәйттер мүлдем тіркелмеген.