Қыз-келіншектерге арналған бизнес-семинар

341
Қыз-келіншектерге арналған бизнес-семинар

Күнгейде іскер әйелердердің жобаларын жүзеге асыру үшін кәсіпкерлер орталығында кезекті жиын өтті. «НұрОтан» партиясының қаламыздағы филиалы мен кәсіпкерлер палатасының өкілдері бірлесіп, нәзік жандыларды бизнеске баулу үшін тағы бір жобаны жүзеге асырмақ. Бұл үшін семинар-сабақтар мен түсіндіру жұмыстары қызу жүріп жатыр.

Бүгінде күнгейдегі кәсіпкерлердің тең жартысын нәзікжандылар құрайды. Бірақ қыз-келіншектер өндіріс орнынан көрі көбіне қызмет ұсыну бөлімін құп көрген. Енді аталған қызметтің аясын кеңейту мен сапасының жоғарылауы бүгінгі жиынның басты тақырыбына айналды. Семинар-сабаққа келген әйелдер қауымы осы тұстағы кедергілерді де атап өтті. Айтуларынша, мүмкіндікті қалт жіберуде, сәтсіздікке тап болуына үнемі тәуекелді ысырып тастауы сеп болады.

Өз кәсібін ашып, дөңгелетуді көздеген қыз-келіншектер өздері қызығатын ғана емес, жетік білетін саланы таңдауы қажет. Сонда ғұмырлық жұмыс – жанбағу көзіне айналады деген бизнес-кеңесшілер тосылған жоқ. Ғаламтор беттерінде жиі жарияланатын кәсіпкернлердің құпиясын тыңдап, қателіктерін қайталамауды ұсынды.

Ұйымдастырушылардың сөзіне сенсек, игі бастама мұнымен шектелмейді. Мемлекет тарапынан жасалатын қолдау – мемлекеттік бағдарламалар аясында әлі талай жобалар жүзеге аспақ. Бұл жергілікті кәсіпкерлерліктің дамуына бастайтыны сөзсіз. Ал мамандар әйелдер қауымының кәсіпке, ондағы өндіріс орнын ашуы үшін қаржыны жинақтауынан бөлек, нақты шешім – тәуекел жасап үйренуі маңызды деп отыр.

Мөлдір Бекеева