3 жасар баланы қағып кеткен азаматтың үстінен қылмыстық іс қозғалды

Елдос

Сот отырысы жабық есік түрінде өтті. Айыпталушы өз құқығын пайдаланып, бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуына қарсы екендігін айтқан.

Сотталушы орындығында жас көлік жүргізуші азамат. Ол баланы қағып кетіп оқиға орнынан қашып кеткен. Қайғылы жағдай 16-шы тамыз күні орын алған. Содан бері кішкентай бүлдіршін Елдос Рахымжан естүссіз жатыр. Ал баланың ата-анасы егер қаққан жүргізуші Елдосты дер кезінде ауруханаға жеткізгенде баламыздың жағдайы мұншалықты нашар болмас еді дегенді айтады. Ал қаққан көлік жүргізушіні тек куәгерлердің көмегімен ғана табуға мүмкін болған.

Менің көршім оқиғаны өз көзімен көрген.  Елдос жолдың шетінде тұрған. Ал оны қаққан көлік қатты жылдамдықпен келіп оны қағып кеткен. Алайда кішкентай бүлдіршінге көмек берудің орынына қаққан азамат оқиға орнынан қашып кеткен дейді Елдостың анасы Бибігүл.

Ал бақытсыз жағдайға күтпеген жерден куәгер болған әйел тез арада қаққан көліктің  мемлекеттік номерін жазып алып ұялы телефонына оның қашып бара жатқанын түсіріп алған.

Менің ұлым өмірмен өлім арасында арпалысып жатқанда оны қаққан азаматты соттаған ешкім болмады. Ол кәдімгідей сабағына барып жүрген дейді ашынған ана.

Алайда баланы қаққан жасөспірімнің әкесі былай дейді.

Оқиға орнын тексерген кезде бала жолдың қақ ортасында тұрғаны анықталды. Бірақ қазір ол жайында айтқым келмейді. Сол бақытсыз жағдайдан кейін ұлым іс түссіз екі күнге жоқ болып кетті. Енді түсінуге болады. Ол қатты қорыққан дейді айыпталушы

 

Оқиға біздің назарымызда. Қандайда бір өгерістер болып жатса, міндетті түрде жариялаймыз.

P.S.: Елдостың анасының айтуынша баланы жансақтау бөлімінен жәй палатаға ауыстырған. Алайда, дәрігерлер оның жағдайы жайында ешқандай ақпарат бермеуде. Ол әлі ес түссіз жатыр екен.